Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » УЕФА ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «АСТАНА» «СПОРТИНГКЕ» ЕСЕ ЖІБЕРДІ

УЕФА ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «АСТАНА» «СПОРТИНГКЕ» ЕСЕ ЖІБЕРДІ

    «Астана» УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалы аясында Португалияның «Спортингін» қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Елордалық ұжым алғашқы минуттардан бастап-ақ ойын тізгінін қолға алды. Жылдам шабуылдардың нәтижесінде Марин Томасов дәл соққы бағыттап, есеп ашты. Бірінші тайм соңына дейін командалар алма-кезек шабуылдағанмен, үзіліске 1:0 есебімен шықты.
   Екінші таймда іс насырға шапты. 48-минутта қақпамызға 11 метрлік айып добы белгіленіп, қонақтар сапында Фернандеш есепті теңестірді. Тура екі минуттан соң португалиялықтардың 9-шы нөмірлі форварды Акуна көрсеткен мастер-кластан соң Ж. Мартинш есепті 1:2-ге жеткізді. Көп кешікпей Жорже Жезуш шәкірттері ес жиып үлгермеген елордалық ұжымға үшінші голды да соқты. Оның үстіне, франциялық төреші Буке өрескелдік танытқаны үшін Юрий Логвиненкоға екінші сары қағазды көрсетіп, алаңнан қуды. Бұл жанкүйерлердің де үмітін сөндіріп тастады. Ойын соңына дейін дамылсыз шабуылдаған қонақтар елордалық футболшылардың қорғаныс шебіне тыным бермеді. Ал біздің жігіттер оқта-текте қарсы шабуылға шығып отыруға мәжбүр болды. Ойын 1:3 есебімен аяқталды. Енді "Астана" келесі кезеңге өту үшін Лиссабон қаласында 22 ақпан күні өтетін жауапты кездесуде ерекше ерлік көрсетуі тиіс. Еске салайық, УЕФА Еуропа лигасы 1/16 финалы аясындағы «Астана» - «Спортинг» командаларының кездесуі елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті.
16 ақпан 2018 ж. 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 205 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам