Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ЖАЛАҒАШТА НӘЗІК ЖАНДЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

ЖАЛАҒАШТА НӘЗІК ЖАНДЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ


  Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен І ашық спартакиадасы өтті.
Спартакиадаға кент және ауыл округтерінен, бөлім, мекемелерден ақ жаулықты аналардан, нәзік жандылардан құралған барлығы 15 команда қатысып, сайыстың 5 түрі бойынша өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, бес асық, қол күрес, 60 метрге жүгіру, 1000 метрге жүгіру және эстафета(4х80).
Спартакиадада аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов сөз алып, Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің І ашық спартакиадасын ашық деп жариялады. Жарыста «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ә.Мәдиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев, спартакиаданың бас төрешісі М.Жаңабергенов сөз сөйлеп, дүбірлі додаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттың 5 түрінен өткен сайысқа 100-ден аса спортшылар қатысты. Жарыс нәтижесінде жалпы командалық есепте Аламесек ауылдық округі 1 орынды жеңіп алды, ал екінші орыннан Бұқарбай батыр ауылдық округінің спортшылары көрінді. Үздік үштікті Жаңаталап ауылдық округі қорытындылады.
16 қазан 2017 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (1480)

16 қазан 2018 ж.

№77 (1479)

13 қазан 2018 ж.

№76 (1478)

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 757 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам