Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Мөлдір Жаңбырбай: БАСТЫ АРМАНЫМ – ОЛИМПИАДА ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРУ

Мөлдір Жаңбырбай: БАСТЫ АРМАНЫМ – ОЛИМПИАДА ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРУ

    Каратэ-до жапондардың ұлттық спорты десе де күллі әлем оған зор қызығушылық білдіреді. Ол біздің елімізде де қарқынды дамып жатыр. Ел намысын абыроймен қорғап жүрген каратэшілер қатары көп. Алыс-жақын шетелден олжалы оралып жатқан жерлестеріміз баршылық. Таяуда Жапонияның Окинава қаласында каратэ-додан Азия чемпионатында жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбай алтын жүлде еншілеп,  үшінші мәрте Азия чемпионы атанды. Олжалы оралған спортшы қызбен сұқбаттасқанды жөн көрдік.
  – Мөлдір, бəрін басынан бастасақ, спортқа қалай келдің? Кімдер ықпал етті?
  – Бала кезімде тентек едім. Төбелеске жақын болып өстім. Спортқа деген ынта осы кезден басталды. Отбасымызда спортқа жақын. Әкеммен ақылдасып жауынгерлік жекпе-жектер арасынан каратэні таңдадым. Содан бастап жаттығудан қалыс қалған емеспін.
  – Елге жеңіспен оралдын. Қуаныштымыз. Жалпы, Азия чемпионаты қалай өтті? Алтын медальға қол жеткіземін, тұғырдың ең биік сатысынан көрінемін деген нық сенім болды ма?
  – Рақмет! Әрине, ондай үлкен дүбірлі додаларға қай спортшы да жеңсем деп келеді. Оған кіл мықтылар жиналған. Аталмыш жарыста мен 50 келі салмақта сыңға түстім. Қарсыластарым да осал болған жоқ. Алғашқы белдесуімде – Үндістандық балуанды 8:0 есебімен тізе бүктірдім. Одан кейін малайзиялық қарсыласымды 2:1, финалда Тайпей елінен келген қарсыласымды 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңдім.
        
  – Алғаш жарысқа  шыққанда жасыңыз нешеде еді?
  – Ең алғаш жарыс төріне шыққан сәт ешқашан ұмытылмақ емес. Себебі, ол – спорттағы алғаш бағынды сынап көретін сәт. Жеті жасымда алғаш Тараз қаласында республикалық турнирде, жүлделі II орынды жеңіп алған едім. 
        
– Осы күнге дейінгі спорттық мансабыңдағы ең мықты қарсыласын кім болды?
  – Спортта бәрі мықты. Бабы мен бағы қатар шауып жататын спортшылар бар. Қандай жарысқа да немқұрайлы қарамай мықты дайындықпен баруын тиіс. Ең бастысы, өзіне сенімді болсаң жеткілікті. Ал, жеңімпаз атану үшін, тыңбай еңбектену қажет. Сондай ғана жеңіс тұғырынан көрінесін. Ол үшін жаттығудан қалмау керек. Маған қиынға соққан қарсылас кездеспеді деп айта аламын. Себебі, әрқашан дайындық үстінде жүремін.
 
Спорттағы ең қуанышты сәтінмен бөліссең...
  – 2013 жылы әлем біріншілігінде ел намысын әлемдік аренада қорғау мүмкіндігі туды. Австралияның Мельбурн қаласында өткен жарыс сәтті басталған еді. Бірақ жарыстың бел ортасында қарсыласымның айласына түсіп, сайысты сол жерден аяқтауыма тура келді. Енді болмашы жерден қателікке бой алдырғаныма қатты ызаланып, қайтсем де есе қайтарамын деп елге оралдым. Содан екі-үш ай өткеннен кейін Біріккен Араб Әмірлігінде Азия чемпионатының ақтық сынында есе жіберген қарсыласым қайта жолықты. Осылай қарсыласымды ойсырата жеңгенім бар. Сол жүлде менің жүрегімде сақталып қалды.
Спортшының жетістіктері алдымен бапкерге де байланысты ғой. Жаттықтырушыларға тоқтала кетсең.
         – Алғашқы және негізгі бапкерім – Рүстем Әбжамиев. Спортшының жеңіске жетуіне талант, еңбектен бөлек, бапкер мен шәкірт арасындағы түсіністік те әсер етеді. Сол себепті бапкеріме ерекше алғыс айтамын.
  – Спортық мансабыңдағы басты арманың қандай?
  – Менің арманым – спорттың ең биік шыңы – Олимпиада ойындарын бағындыру.
           
          – 2020 жылы өтетін жазғы олимпиада ойындарында Мөлдірді Токио төрінен көре аламыз ба?
        – Ағымдағы жылдың маусым айында Ақтау қаласына оқу-жаттығу жиынына барамын. Сол айда Түркияның Стамбул қаласында өтетін рейтингілік халықаралық жарысқа қатысамын. Яғни, бұл – 2020 жылы Токиода болатын Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпай жинау жарысы. Айта кетелік, 2020 жылдан бастап каратэ жазғы Олимпиада ойындарының жарыс күнтізбесіне енгізілді. Олимпиадаға жолдама алу үшін, ел намысын қорғауда бар күш-жігерімді саламын.
        
– Спорттан өзге қандай хоббиің бар?
         – Бос уақытымды мейлінше тиімді пайдалануға тырысамын. Қолым қалт етсе үй шаруасымен айналысып, кітап оқығанды ұнатамын.
  – Ізіңді қуып, өсіп келе жатқан жеткіншектерге айтарың…
  – Салауатты өмір салтын сақтап, спортпен айналысыңдар деймін. Сабақтан тыс уақытта компьютердің алдында емес, спорт залдарда өткізіп, рухани шынығыңдар. Алға үлкен мақсат қойып, сол жолда еңбектенетін болсаң, төккен тердің өтеуі қайтады.
– Уақыт бөліп, әңгімелескеніне рақмет!
        Сұқбатты жүргізген: Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
11 маусым 2018 ж. 1 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (1672)

15 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 159 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам