Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ!

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ!

Қазақстанды әлемге танытып, абыройымызды асқақтатып жүрген мәнерлеп сырғанаушы - Элизабет Тұрсынбаева Белоруссия астанасы - Минск қаласында 12 елден 20 мәнерлеп сырғанаушы қатысқан «Ice Star Minsk»халықаралық турнирінде алтын жүлдені иеленіп, еліміздің туын көкке көтерді.
Ол қысқа және еркін бағдарламалар бойынша 187,57 ұпай жинап, үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Э.Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2016 ж.), VIII қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері (2017 ж.), ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Енді ол үстіміздегі жылдың17-19 қараша аралығында Францияда өтетін «Internationaux de France» Гран-приі жарысына, содан кейін Қытайдың Шанхай қаласындағы халықаралық турнирге қатысады.
2018 жылдың қаңтар айында төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетсе, ақпан айында Пхенчхан (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғайды.
Э.Тұрсынбаеваға алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз!


30 қазан 2017 ж. 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

№27 (1526)

13 сәуір 2019 ж.

№26 (1525)

09 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 820 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам