Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

  Қызылордада Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогына оқушылар арасында ХII республикалық шахмат турнирі басталды.
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен 2017 жылғы 29 қазаны мен 5 қараша күндері мектеп жасындағы дарынды шахматшыларды айқындау және дайындау, сондай-ақ жоғарғы деңгейде насихаттау мақсатында Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогына оқушылар арасында ХII республикалық шахмат турнирі Қызылорда қаласында өтуде.
Шахмат турнирінің салтанатты ашылу рәсімі 2017 жылғы 30 қазан күні сағат 10.00-де Достық үйінде өтті. Ашылу рәсіміне «Дарын» РҒПО директоры Ш.Қирабаева және Халықаралық гроссмейстер Дармен Сәдуақасов қатысты.
Шахмат турнирінің басты ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қазақстан Республикасы Қазақстандық шахмат Федерациясы.
Шахмат турниріне еліміздің барлық өңірлерінен 160-тан аса жас шахматшылары, Ресейдің Челябі облысы Сатка қаласының «Вертикаль» шахмат клубы және Қырғызстан Республикасының жас шахматшылары қатысуда.
Команда үш жасаралық қатысушылардан тұрады. Олар: 9, 13 және 17 жасқа дейінгі үш жасаралық топ. Шахмат турнирі щвейцария жүйесі бойынша 9 турдан өтеді. Төрешілер алқасы әр жастағы топтың ер балалар мен қыз балаларының арасында жекелей есепте жеңімпаздарды анықтайды. Сонымен қатар, команданың барлық қатысушыларының жинаған ұпай сандарының жалпы есебі бойынша ең үздік шахматшылар командасын анықтайды.
Турнир барысында 4 қараша күні сағат 15.00-де Халықаралық гроссмейстер Нурлан Ибраев турнир қатысушыларымен қатарынан бір уақытта шахмат ойынының сеансын жүргізеді, сонымен қатар қатысушыларға мәдени-танымдық бағдарламасы ұсынылады.
Турнир жеңімпаздарын марапаттау а.ж. – 5 қараша сағат 10.00-де Достық үйінде (Ы.Жахаев көшесі, №24) жабылу рәсімінде өткізіледі.
Жеңімпаздарға (команда және жекелей есепте ойнаған ойыншыларға) «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, жеңімпаз команда мүшелеріне медальдар және естелік сыйлықтар беріледі. Бірінші орын алған командаға шахмат кубогы табысталады.
31 қазан 2017 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 561 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам