Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » РОНАЛДУ "ЮВЕНТУС" КЛУБЫНА АУЫСТЫ

РОНАЛДУ "ЮВЕНТУС" КЛУБЫНА АУЫСТЫ

Мадриттік "Реал" футбол клубы "Алтын Доп" жүлдесін бес рет жеңіп алған Португалияның ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға туриндік "Ювентус" клубына өтуге рұқсат берді. Бұл туралы РИА Новости испан клубының ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады. Роналду өз бетімен "Реал" басшылығына трансфер жайлы өтінішін бекітуді сұрағалы келген. "Ювентустың" ресми сайтында италиялық клубтың Роналду үшін "Реалға" 100 миллион еуро төлейтіні хабарланып отыр. Бұл қаржы соммасы испан клубына екі траншпен түседі. 33 жастағы шабуылшымен жасалған келісімшарт 2022 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Одан басқа, туриндік клуб FIFA ережесіне байланысты "тиісті шығыс пен ынтымақтастыққа" байланысты 12 миллион еуро төлейді. Айта кетейік, Роналду 2009 жылы "Манчестер Юнайтедтен" "Реалға" көшті. Трансфер сомасы 93,4 миллион еуро болды. Өткен маусымында шабуылшы "Реал" сапында түрлі турнирде 44 матч өткізіп, 44 гол салып Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанған. "Корольдік клуб" мүшесі болған Роналду барлығы 438 матч өткізіп, Мадрид тарихында 451 гол соққан, төрт Чемпиондар Лигасын ұтып алған, Испанияның екі чемпионатын, үш клубтық әлем чемпионатын, екі кубок және Испания Суперкубогын, екі Еуропа кубогын қанжығасына байлаған ойыншы ретінде есте қалды.



11 шілде 2018 ж. 932 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (1614)

18 ақпан 2020 ж.

№12 (1613)

15 ақпан 2020 ж.

№11 (1612)

11 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 387 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам