Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ҒАЛЫМЖАН АБДРАХМАНОВ - ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН 2 ДҮРКІНӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

ҒАЛЫМЖАН АБДРАХМАНОВ - ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН 2 ДҮРКІНӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

 Астана қаласында аяқталған қазақ күресінен Әлем чемпионатында қызылордалықҒалымжан Абдрахманов топ жарып, алтын медаль иеленді. Жарысқа 40 мемлекеттен 200-ге жуық балуан 9 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Айтулы жарыста Қазақстан құрама командасы жақсы өнер көрсетіп, 6 алтынды иеленді. Жерлесіміз Ғалымжан жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, ақтық сайыста «бүк» әдісімен Куба спортшысынан айласын асырып, 74 келі салмақта чемпион атанды.
Ғ.Абдрахманов 1993 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ол қазақ күресімен қатар самбо және дзюдо спортымен де шұғылданады. Жетістіктерін айтатын болсақ, қазақ күресінен және самбодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан спорт шебері.
Қазақ күресінен 2 мәрте Қазақстан чемпионы, бірнеше мәрте халықаралық жарыстардың жеңімпазы, биылғы жылы Ақтөбедегі самбодан ел чемпионы, Ташкент қаласындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, Ашхабад қаласындағы Азия ойындарының қола жүлдегері, Астанадағы Елбасының жүлдесі үшін өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанған. Сондай-ақ, 2015 жылғы Ресейдегі қазақ күресінен Әлем чемпионы.
Спортшы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алса, Қармақшы ауданындағы спорт клубта нұсқушы қызметін атқарады.
Бапкерлері Болат Кенеев және Әділбек Серікбаевтың айтуынша, ол қараша айының ортасында Сочи қаласында самбодан болатын Әлем чемпионатына қатысады.


01 қараша 2017 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (1445)

12 маусым 2018 ж.

№42 (1444)

09 маусым 2018 ж.

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 882 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам