Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ҚАНАТ ИСЛАМ IBO РЕЙТИНГІНДЕ БІР САТЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ

ҚАНАТ ИСЛАМ IBO РЕЙТИНГІНДЕ БІР САТЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ

  Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Халықаралық бокс қауымдастығының жаңартылған (IBO) рейтингінде бір саты жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бүгін ғана жаңартылған IBO рейтингінде Қанат Ислам бір саты жоғары көтеріліп, 7 орынға жайғасыпты. Бұл тізімде көш басында поольшалық Мацей Сулецки тұр. Екінші сатыда британдық Лиам Смит тұрса, үздік үштікті америкалық Корнелиус Бундрэйдж түйіндеп тұр. 

Ал қазан айының 21 күні WBA белбеуінен айырылған отандасымыз Жанат Жақиянов болса жаңа тізімде 19-орынға орналасыпты. 

Жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов болса 66-орыннан 62-орынға көтерілді. 

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Қазіргі уақытта отандасымыз WBA рейтингінде көш бастап тұрса, WBO тізімінде үшінші орында келеді. 


06 қараша 2017 ж. 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1453)

10 шілде 2018 ж.

№50 (1452)

06 шілде 2018 ж.

№49 (1451)

03 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 114 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам