Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

  Жерлесіміз Рустам Сыбай кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.
Сыр елінің арда азаматы Екатеринбургте өткен бокс кешінде ресейлік боксшы Василий Поднебесныйды жеңді. Бірінші раундта Василий белсенді жұдырықтасып, дөп соққыларымен көзге түскен болатын. Бірақ тісқаққан Рустам екінші раундтан бастап ұрыс ойының қолына алып, қарсыласынан қарымды, тәжірибелі екенін байқата білді. Бірнеше рет сериялы соққылары арқылы қарсыласын қаймықтыра білді. Нәтижесінде төртінші раунд қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.
Рустам Сыбай әуесқой бокста 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасты. Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. 2013 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Екатеринбургтегі "Extra Round 4" бокс кешіне Рустамнан өзге де қазақстандық боксшылар қатысты.
Бокс кешіндегі бірінші жекпе-жекте Әбілхайыр Шеғалиев Игорь Ерховты бірінші раундта нокаутпен жеңді. Ал павлодарлық Айбек Қожахметов ресейлік Самвел Гандилянға техникалық нокаутпен есе жіберді. Тағы бір майталманымыз Дәулет Дәукенов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, Михаил Лесниковты айқын жеңді. Төрешілер ұпайы бірауыздан Дәулетке берілді. Отандасымыз осыған дейінгі екі кездесуінде де жеңіске жеткен еді.
08 қараша 2017 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (1453)

10 шілде 2018 ж.

№50 (1452)

06 шілде 2018 ж.

№49 (1451)

03 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 114 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам