Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » "ҚАЙСАР" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ АУЫСТЫ

"ҚАЙСАР" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ АУЫСТЫ

 Маусым аяқталысымен «Қайсар» футбол клубының басшылығында ауыс-түйіс орын алды. Осыдан бір апта бұрын қызметтен кеткен клуб директоры Эдуард Глазуновтың орнына жергілікті маман Серік Досманбетов келді, - деп жазады sportsffa.kz сайты. 
Эдуард Глазунов «Қайсардың» директоры болып алғаш рет 2016 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын. Алайда, Кәсіпқой футбол лигасының Лига кеңесінде Қазақстан футбол федерациясының сол кездегі президенті Ерлан Қожағапановқа қарсы шығып, бір айдан кейін-ақ қызметінен кетуге мәжбүр болған. Одан кейін «Қайсарға» осы жылдың қаңтарында келді де, маусым аяқталған соң орнын босатты. 
Оның орнына «Қайсар» футбол клубының директоры болып жергілікті маман Серік Досманбетов тағайындалды. Футболшы ретінде «Қайсар», «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Ордабасы», «Жетісу», «Шахтер» және «Қызыл-Жар» командаларында доп тепкен 35 жасар маман қарағандылықтар сапында Қазақстан чемпионы атанған. 
«Галстуктағы карьерасын» 2014 жылы «Байқоңырдың» команда басшысы ретінде бастаған Серік Құттыбайұлы кейін «Қайсардың» команда басшысы, спорт директоры қызметтерін атқарып, биыл жазда Португалияда тәжірибелік курстан өтіп келді де, енді міне, клуб директоры болып бекітілді. Ал спорт директоры қызметін қызылордалық клубта Талғат Сыздықов атқарады. 
Естеріңізге сала кетейік, клуб 2017 жылғы футбол маусымын 6-орында аяқтап, бас бапкері Стойчо Младеновпен тағы бір жылға келісімшартты созды. Сондай-ақ, командада келесі жылға Мақсат Байжанов, Марсель Исламқұлов, Тоқтар Жаңғылышбай, Айбол Жақаев, Иван Граф, Милан Бойович, Джон Камара, Абдель Ламанж, Матиас Курьор, Ілияс Әмірсейітов, Александр Григоренко, Дмитрий Евстигнеев және Валерий Коробкиннің де нақты қалатындықтары белгілі болды.
13 қараша 2017 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1460)

06 тамыз 2018 ж.

№57 (1459)

31 шілде 2018 ж.

№56 (1458)

28 шілде 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 207 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам