Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтеді

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтеді

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында былтыр «Qazaq Epos» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы бастау алған еді. Тарихи-танымдық байқаудың биылғы кезеңі қыркүйек айында өткізіледі.
Бұл жас өренді рухани азықтандыру, ұлттық мұраға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ерлік пен елдік рухқа, намыс пен қайсарлық қасиетке баулу мақсатында қолға алынған жоба. Байқауға қатысуға оқушылардың ынтасы зор. Бүгінгі күні еліміз бойынша 50 мыңнан аса оқушы осы жоба аясында «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау жазған нұсқасын жаттауда. Оларға 23 мың мұғалім тәлімгерлік жасайды. Ал, аймақтағы 280 білім ордасынан үш мыңға тарта жас өрен байқауға қатысуға ниет білдіріп отыр.
– «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы көктемде өткізіледі деп жоспарланған. Белгілі себептерге байланысты қыркүйек айына бекіттік. Қазіргі таңда оқушылар арасында қызу дайындық жүріп жатыр. Байқау шарты бойынша 6-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысады. Олар «Қобыланды батыр жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтуы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қойылатын сұрақтарға жауап беруі, жырдағы көнерген сөздерді талдауы тиіс. Осы орайда 2018-2019 жаңа оқу жылында 6 және 11 сыныпқа көшкен оқушыларда байқауға қатыса алатынын айтқым келеді. Оған қоса 9 сыныптан соң орта арнаулы оқу орнына түскен шәкірттерге де шектеу жоқ. Біздің мүдде қатысамын деп ниеттенген баланың меселін қайтармау, – дейді жобаның Астана қаласындағы ресми өкілі Серік Сейтман.
Ең көне әрі көркемдігі жоғары, әлем халықтары эпостық жырларымен қатар тұрған халқымыздың батырларын жырын насихаттайтын шараға Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрлігі, «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетуде. Бұл ретте «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасының ресми өкілі С.Сейтман байқаудың аймақта кең насихатталуына қолдау білдірген облыс әкімдігіне ерекше алғысын білдірді.
Халық руханиятын ұлықтаған шара 3 кезеңде өткізіледі. Аудандық және қалалық байқаудың І, ІІ, ІІІ-орын жеңімпаздары облыстық кезеңге жіберіледі. Ал, одан үздік шыққан жас өрен республикалық турға жолдама алады. Жеңімпаздар мен ұстазына берілетін жүлдеқоры да қомақты.
Айдана СЕЙІЛ



17 шілде 2019 ж. 763 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 901 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам