Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Головкин мен Альварес 2020-да кездеседі

Головкин мен Альварес 2020-да кездеседі

  Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жек 2020 жылы өтеді. Бұл туралы DAZN жүргізушісі Крис Манникспен болған сұхбат барысында мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя хабарлады.
Осыдан бір жыл бұрын Альварес матч-реваншта қазылар алқасының шешімімен қазақстандық боксшыны жеңіп, бар титулдарын алған еді. Алғаш рет Альварес пен Головкин 2017 жылы жұдырықтасты. Онда жеңіс ешкімге бұйырмады. Екінші рет шаршы алаңда кездескенде Голвокин өз мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады. Де Ла Хойя сұхбатта адамдар Головкин мен Альварес арасындағы тартысты бәсекені көруге құштар екенін алға тартты. Бұған дейін қос боксшының үшінші жекпе-жегі осы жылдың қыркүйегіне жоспарланған еді. Кейіннен Альварес бұдан бас тартты. Канело шаршы алаңға 2 қарашада оралады. Ол Лас-Вегаста WBO бойынша әлем чемпионы жартылай ауыр салмақтағы Сергей Ковалевпен жұдырықтасады. Головкин IBF титулы үшін 5 қазан Нью-Йоркте украиналық орта салмақтағы Сергей Деревянченкомен шаршы алаңға шығады.

16 қыркүйек 2019 ж. 812 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

№36 (1637)

16 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 953 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам