Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Мәдениет саласына мән берілді

Мәдениет саласына мән берілді


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа арнаған жолдауында елдің әл-ауқатын арттыру секілді негізгі мәселелер кеңінен қамтылды.
Бүгінгі күнге дейін елімізде көптеген игілікті істер атқарылды. Халық жағдайы жақсарды. Білім берудің жаңа саласы бойынша да кезең-кезеңімен бағыт-бағдар берілген. Осы орайда, ұстазға деген құрметті арттыру жайлы айтылған. Сол мақсатта келесі жылдан бастап мұғалімдер жалақысын 25 пайызға өсіру жөнінде тапсырды.
«Рухани жаңғыру» бағытында да оң нәтижелер бар. Қазіргі таңда мәдениет саласында қызмет жасайтын адамдарға лайықты көңіл бөлінбейтіні рас. Сондықтан да Президент мәдениет қызметкерлерін қолдау қажеттігіне кеңінен тоқталды. «Олардың еңбекқақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде», – деді Мемлекет басшысы өз жолдауында.
Сонымен қатар білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керектігіне тоқталды. Бұл осы жүйе бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлерді қуантып тастады.
Алдағы уақытта Жолдау бойынша тың жобалар жүзеге асатыны анық. Келешекте жаңа бастамалар бойынша қолға алынған әрбір іс халық көңілінен шығады деген сенімдемін.
Жалпы, Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп және оны өз орнымен тиімді пайдалануға күш салуымыз қажет екендігін жеткізді. Ең бастысы халықты тұрақтылық пен татулық негізінде бірлікпен жұмыс жасауға шақырды.


Күлән ҚАЛЫМБЕТОВА,
Қызылорда облыстық филармония әртісі
02 қыркүйек 2019 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (1589)

19 қараша 2019 ж.

№89 (1588)

16 қараша 2019 ж.

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 062 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам