Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Ерболдың ерекше 3Д едені

Ерболдың ерекше 3Д едені

Бүгінде өз өмірімізден талай тың жаңалықты байқап жүрміз. Заманына қарай амалын тапқандар небір ғажайыпты жарыққа шығаруда. Мәселен, бұрын үй салу немесе жөндеу керек болса көзіміз көріп жүрген кәдімгі дүниелерді пайдаланатын едік. Қазір олардың орнын соңғы үлгідегі дүниелер басқан. Соның арқасында үйіңді ертегі әлеміне айналдыруға әбден болады. Соңғы үлгідегі технология баспананы адам танымастай етеді.
Әңгіме барысы қалалық жас кәсіпкер Ербол Әшірбектің тың кәсібі туралы болмақ. Ол бүгінгі күні кеңінен өріс алған3Д еден жасайды. Үй ішін әрлеу мен сәндеудегі жаңа үлгі өзге елдерде кең тараған. Кейіпкеріміз оны өз өңірімізде дамыту ісін қолға алған. Ал оны әзірлеу шыдамдылық пен ұқыптылықты талап ететін көрінеді.
– Отан алдындағы борышымды өтеп келгеннен кейін жеке іс бастасам деген ой болды. Бірақ, нақты көздеген бағытым жоқ еді, ізденіс жасауға тура келді. Осылайша ғаламтор желісін пайдалану арқылы 3Д еден жасау әдісі кең тарағанын білдім. Кәсіп ашудағы алғашқы қадамды Ресейдің Новосибирск қаласында арнайы мамандардан дәріс алудан бастадым. Тәжірибені алдымен өз үйімде жасадым. Сәтті шыққан дүние үйге келгендердің қызығушылығын оятты. Алғашқы тұтынушым жақын туысым болды. Сөйтіп, ақырындап тапсырыс түсе бастады. Еденді олардың талғамына сай қалаған бейнеде жасаймыз. Жүктелген міндетті абыроймен атқаруға тырысамын, – дейді ол.
Ебін тапса, адам кез келген істі игеріп кетуге болады. Өз-өзіне талап қоя білетін Ербол бұл істің қиындығына қарамастан қолға алған. Бүгінде жұмыс кестесі тығыз ол аудандар мен өзге аймақтарға да барады. Айтуынша, қажетті құрал-жабдықтарды Ресей астанасы – Мәскеу қаласынан алдыртады. Сондай сәтте біраз уақыт күтуге тура келеді. Жалпы, жаңа үлгідегі еденді түрлі техниканы қолдану арқылы жасайды. Соған сәйкес бағасы да сәл қымбаттау. Дегенмен әдемілік үшін ештеңе аямайтындар датабылатын көрінеді.
– Мұндай еденді әзірлеу үшін алдымен бетонның қалыңдығына байланысты бірнеше қабат сұйықтық жағылады. Әрбір қабатына әртүрлі құрал қолданылады. Шаң тозаң, қыл-қоқым түспес үшін үстімізге форма киеміз. Негізі, бұл – экологиялық мықтылығы жоғары өнім. Бетіне түскен суреттің уақыт өте ескірмейтініне маман ретінде кепілдік бере аламын. Тіпті, ауыр жиһазды жылжытқанда, басқа да заттар сырып кетсе не салмақ түссе де бүтіндігі бұзылмайды. Яғни, көп жағдайда төзімді әрі ұзақ мерзімді өнім деуге болады. Сондай-ақ, оны құрғақтай, ылғалды немесе хлорменде тазалауға болады, – дейді өнімнің тиімдігілігімен бөліскен кейіпкеріміз.
«Талғамға талас жоқ» деген. Әрқашан тың дүниеге құмар тұтынушылар мамандардан еденге жан-жануардың, табиғаттың, түрлі өрнектердің суретін салуды сұрайтын көрінеді. Ал кейіпкеріміз соның бәрін көңілінен шығатындай етіп орындауға тырысады. Ол мұны басты міндеті санайды.
Жас кәсіпкер үнемі ізденіс үстінде жүреді. Бұл оның маман ретінде жетілуіне әрі кәсібінің өркендеуіне септігін тигізеді. Қалауын табыс көзіне айналдыра білген ол барлық бастаманың қиыншылығы болатынын жасырмайды. Тек қолға алған істі аяғына дейін жеткізе білу керек.
Бүгінде кәсіпкерлік саланы дамытуға мемлекет тарапынан көп қолдау көрсетіліп келеді. Өз ісін жеке қаражаты есебінен бастаған кәсіпкердің алдағы уақытта мемлекеттік бағдарлама игілігін көрсем деген ниеті бар.

Айдана САЙДУЛЛА




29 қазан 2019 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 907 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам