Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Махаббаттары бәріне төзуге дайын: "Ұлы Дала жанұясы" телехикаясы көрерменге жол тартады

Махаббаттары бәріне төзуге дайын: "Ұлы Дала жанұясы" телехикаясы көрерменге жол тартады

Махаббат оты жалындаған отбасында бәрі жақсы болады! Отбасы мен отбасылық құндылықтарды насихаттау және сақтауды дәріптейтін жаңа отандық туынды — "Ұлы Дала жанұясы" телехикаясы.
"Ұлы Дала жанұясы" ситкомы-бұл "Жетінші арнадағы" - танымал Q-eli скетч-ком жобасының жалғасы. Оның басты кейіпкерлері жас жұбайлардың бірге өмір сүруінің барлық қиындығы мен қуанышын бірге бастан өткереді!
Телехикая жас Ильгидаевтар отбасы туралы әңгімелейді. Олардың өмірі күнделікті тұрмыс-тірішілікте, ал олардың махаббаттары бәріне төзіп шыдауға дайын. Телехикаяның басты кейіпкерлері — жас жұп Руслан мен Айнур Q-елі жобасынан шыққан "Молодожены" скетч-ком бойынша көрермендерге танымал. Жұп ақырында 7-20-25 бағдарламасы бойынша екі бөлмелі пәтер сатып алады да, Русланның ата-анасынан бөлек тұратын болады. Бірақ Руслан күтпеген жерден жұмыстан босатылып, сәттілік одан бас тартқандай болып көрінеді.
Біраз уақыт бас кейіпкер өзінің жұбайы Айнұрдан жұмыстан кетуін жасырады, бірақ несие төлеу уақыты келгенде ол өзінің жұмыстан шығу тарихын айтуға мәжбүр болады. Айнұр жауапкершілікті өз мойнына алып, жұмыс табады. Қалыптасқан жағдайларға байланысты ерлі-зайыптылар рөлдермен алмасады. Жұмыссыз отырған Руслан үйдегі тұрмыс-тіршілікпен айналысып, ал Айнұр жұмыс істеп ақша таба бастайды.
Несиені төлеу үшін жұмысты қайдан іздеу керек? Отбасын қалай асырау керек? Өкінішке орай, Руслан бұл сұрақтардың жауабын білмейді.
Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы шексіз махаббатқа негізделгеніне қарамастан бұзыла бастайды! Осы қиын жағдайдан шығу жолдары жайлы "Ұлы Дала жанұясы" телехикаясынан тамашалайтын боласыздар. Телехикаяның басты рөлдерінде "киношниктер" арасында танымал жас жұбайлар Ақболат Өтебай және Мадина Оспан ойнады.
Телехикаяны жұмыс күндері сағат 22:05-те "Жетінші арнадан" көріңіздер!
14 қараша 2019 ж. 902 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (1683)

24 қазан 2020 ж.

№81 (1682)

20 қазан 2020 ж.

№80 (1681)

17 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 450 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам