Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ЖЫЛЫ: ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨЗБЕК ӨНЕРПАЗДАРЫ ӘН ШЫРҚАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ЖЫЛЫ: ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨЗБЕК ӨНЕРПАЗДАРЫ ӘН ШЫРҚАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» Өзбекстанның Навои облысынан келген өнерпаздар жергілікті жұртшылыққа өз тартуын жасады. Бұл шара биыл атап өтіліп жатқан Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көршілес қонған туыс халық «Қаны бір елім, жаны бір елім» атты концерттік бағдарламасында өзбек әндері мен билерін нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, сол елдегі қазақ өнерпаздары да ән мен күйден шашу шашты. Концерттік бағдарламада 20-ға жуық өнерпаз елдің қошеметіне бөленді. «Сыр өңірі тұрғындарының қонақжай қасиеті бізге өте ұнады. Бұл жағынан бір-бірімізге өте ұқсаспыз. Сондай-ақ, қос халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрінде ерекше айырмашылық жоқ екені белгілі. Біз Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында басқа да шараларды жоспарлап отырмыз. Астана қаласында өзбектің ұлттық киімдері мен мәдениетіне арналған көрме өткізу ойластырылған», - деді Навои облысы әкімінің орынбасары Улугбек Сафаров.
inform.kz
27 қараша 2018 ж. 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 950 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам