Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » "Құпия болмай қалды": Арман Қоңырбаев Ашаның жүкті екенін айтып қойды

"Құпия болмай қалды": Арман Қоңырбаев Ашаның жүкті екенін айтып қойды

 Арман Қоңырбаев келіншегі Аша Матайдың жүкті екенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.
Жұлдызды жұптың екінші сәбиін күтіп жүргені туралы соңғы кездері көп айтылып жүр. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды демекші Арман мен Аша туралы бұл әңгіменің рас екені белгілі болды. Бұл туралы Арман Қоңырбаевтың өзі айтып берді. Келіншегі декреттік демалысқа шығатынын, сол себепті жеке шығармашылығын қолға алатынын айтты ол.
"Шулатқанда шығармашылығымызда өзгеріс болайын деп жатыр. Бұл жолы дуэт емес, басқа емес, жеке клипімді түсіремін, жеке ән жазамын. Өздеріңіз білесіздер Аша бос емес, үйде Асылым қызымыз бар. Тағы да құдай қаласа отбасымыз толығады. Қазір енді құпия болмай қалды ғой, бәрі біліп қойды. Ашаның аяғы ауыр. Құдай қаласа, қыста деп жатырмыз. Барлығы Алланың қолында ғой", - дейді Арман Қоңырбаева.
Ал екінші рет ана атануға дайындалып жүрген Аша Матай осы жолы жақсылап күтінетінін жеткізді. аман-есен босанып алғаннан кейін, бала қырқынан шыққанша үйде отырамын деп отыр әнші. Тіпті одан кейін де сахнаған қол үзіп, үйде отырып қалуы бек мүмкін екенін түсіндірді ол.
"Бала қырқынан шыққанша міндетті түрде жақсылап күтінемін, сорпа ішемін, үйде боламын. Ал қырқынан шыққаннан кейін жағдайымызға қарап, мүмкін жұмысқа шығармын, мүмкін үйде отырармын", - дейді Аша Матай.
17 қыркүйек 2019 ж. 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (1605)

18 қаңтар 2020 ж.

№3 (1604)

14 қаңтар 2020 ж.

№2 (1603)

11 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 078 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам