Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас құда болуға уәделесті

Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас құда болуға уәделесті

 Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас құда болуға уәделесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Танымал өнер жұлдыздары желідегі парақшаларына бірге түскен бейнежазбаларын жүктеген. Көлікте Қайрат, Төреғали және Қайраттың кіші ұлы Хан бар. Әншілердің сөзінше Нұр-Сұлтанға барған Төреғалиді Қайрат Нұртас күтіп алған сияқты. Олар өзара әңгіме-дүкен құрып, балаларын үйлендіреміз деп шешім қабылдаған.
"Хан, ассалаумағалейкум! Нұр-Сұлтандарыңыз көркейіп, өсіп-өніп жатыр екен. Тоғжаннан аумайды ғой. Құда боламыз ба? И, жаным, жаным менің", - деп еміренді Төреғали Қайраттың ұлына.
Сахнадағы әріптесі тосыннан ұсыныс жасайды деп күтпеген Қайрат Нұртас бастапқыда не айтарын білмей ыңғайсызданып қалған сияқты. Әуелі үндемей тұрған ол, артынша ғана сөйлей бастаған.
"Құда боламыз ба не? Жаңа сөз арасында айтып қалдың ғой. Жас құда боламыз ба?" - дейді Қайрат Нұртас.
Осылайша Төреғали мен Қайрат құда болуға уәделесіп, жұртты таңқалдырған. Желідегілер әншілерге "Ұлы даланың ұлы құдалары" деген ат қойып, екеуінің қыз алысып, қыз беріскенін көздерінің алдына елестеткен.
"Екеуің құда болсаңдар ТТ емес, ҚТ боласыңдар", "О керемет болар еді", "Шыныменде Хан мен Тоғжан бір-біріне қатты ұқсайды", "Алла ауыздарына салып тұрған шығар, кім біледі тек бір Алланың қолында ғой, періштелер әумин десін", "Екі әулетте өте некті, несі бар?" - десті жұрт.
17 қыркүйек 2019 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 473 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам