Жұма, 05 шiлде, 11:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар вакцина алуда белсенділік танытуда

09.08.2021

381 0

Аймақта мүмкіндігі шектеулі жандар да екпе алуда белсенділік танытуда. Өңірдегі 20 мыңнан мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың жартысы жұмыс жасап, халықпен тығыз байланыс орнатады. Сондықтан вакцина алып, вирустан сақтануды қолдайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «Қызылорда облысының мүгедектер қоғамы» ҚБ-нің төрағасы Мұрат Джумадилаев мәлімдеді.

«Өз басым IІ топ мүгедегімін, «Спутник Ви» вакцинасының екі компонентінде алдым. Кері әсерін тигізген жоқ. Бастысы жеке жауапкершілігімізді арттыруымыз қажет. Халықтың басым көпшілігі вакцина алса ғана, ұжымдық иммунитет қалыптасатыны анық», – деді Мұрат Әлімбайұлы.

Одан әрі облыстық мүгедектер қоғамымының төрағасы індетпен күресте тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып, екпе алуда белсенді болуға үндеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: