Сейсенбі, 30 сәуiр, 23:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда вакцина алғандар саны жеті миллионнан асты

12.09.2021

399 0

11 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін 7 044 876  адам, II компонентін 5 871 229 адам салғызды. 

Естеріңізге сала кетейік, аптаның басында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында вакцинациялау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды.

Алгоритмді денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы әзірледі. Енді мониторингтік топ рейд барысында кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып-алмағанын тексереді.

Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 60%-тен төмен кәсіпорындардың тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады.

Спутник Жаңалықтар

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: