Сейсенбі, 23 шiлде, 03:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

449 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

28.10.2021

1000 0

Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың қазан айының 11-28 аралығында облыс аумағында «Нелегал-Кордон» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның 15 күн нәтижесінде жалпы 743 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 449 шетелдік анықталды, сонымен қатар, шетелдіктерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар көші-қон заңнамасын бұзған және шетелдік Қазақстан Республикасының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Қазақстан Республиканың 294 азаматына әкімшілік шаралар көрілді.

Іс-шара кезінде Өзбекстан Республикасының 21 азаматы республика аумағынан аластатылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: