Сейсенбі, 23 шiлде, 01:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Автокөлік орталығының менеджерімін деп алдаған алаяқ қала тұрғынына 27 миллионнан астам шығын келтірген

28.10.2021

611 0

Ағымдағы жылдың 25 қазан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арызданған.

Тексеру барысында, тамыз айында алаяқ азамат «Тойота» орталығында менеджер болып жұмыс жасаймын деп сеніміне кіріп, орталық арқылы автокөліктерін сатып беремін деп «Tоyota Higlander» және «Tоyota camry 70» үлгісіндегі автокөліктерді иемденіп алған. Осылайша алаяқ қала тұрғынын алдап жүріп, автокөлігін сатып жіберген.

Қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын біліп, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жүгінген. Жәбірленушіге 27 миллион 600 мың теңге соммасындағы ақшасын иемденген.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысты 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматтың бұрын соңды алаяқтық іспен айналысқаны дәлелденді.

Аталған жәйт бойынша, Қазақстан Республикасының 190 бабының 4 бөлігімен (ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: