Сейсенбі, 30 сәуiр, 21:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда тұрғыны түзеу мекемесіне 9  телефон  мен есірткі лақтырмақ болды

19.10.2022

552 0

Қызылорда тұрғыны түзеу мекемесіне 9  телефон  мен есірткі лақтырмақ болған жерінен ұсталды.

17 қазанда  Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері  жедел іс-шаралар жүргізу барысында  мекеме  аумағына белгісіз заттарды лақтырмақ болған қала тұрғынын  құрықтады.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Ұсталған азаматты тексеру кезінде, скотчпен оралған үш  белгісіз зат тәркіленді. Тәркіленген затты тексеру барысында ішінен тоғыз телефон, бес  насыбай, бір ойын картасы, екі қуаттағыш құрылғысы және  өзіне тән хош иісі бар шөп тектес затты анықтады. 

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 173,98 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: