Дүйсенбі, 22 шiлде, 18:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

«Алтын сападан» үмітті

22.11.2022

883 0

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын өтеді. Байқаудың басты мақсаты – отандық өнімнің сапасын арттыру. Осы тұрғыда  компанияларға қойылатын басты критерийлер белгіленген –   ұйымның өнім өндіру немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуі, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сондай-ақ ұйымның сапаны басқаруда жоғары тиімді әдістерді енгізуі бағаланады.

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша биыл байқауға қатысу үшін 281 компания өтінім берді. Оның төртеуі Қызылорда облысының кәсіпорны.

Олар:

– «Азық-түлік тауарларын немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша күріш өндірісімен айналысатын «Асыл дән LTD» ЖШС;

– «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын» аталымы бойынша цемент өндіретін «Компания Гежуба Шиели Цемент» ЖШС мен поливинилхлоридтен және төмен қысымды полиэтиленнен жасалған құбыр өнімдерін өндіретін «Казахстанская  Нефтехимическая Компания Кемикал» ЖШС Қызылорда филиалы;

– «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын» аталымы бойынша мұнай кәсібіне арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жеткізу, сервистік қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер көрсету «Новомет-Казахстан» ЖШС.

Жалпы «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауда сыйлық жыл сайын «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын», «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын» санаттары бойынша тағайындалады.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: