Дүйсенбі, 22 шiлде, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Енді рәміздерді қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейді

22.01.2023

982 0

Елімізде мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 3 мың айлық есептік көрсеткішке (1 АЕК 3450 теңгеге тең) дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» 372-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде, мемлекеттік рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл 3 мың АЕК дейін ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі 900 сағатқа дейін арттырылды», – деді Нұрғиса Дәуешов министрліктің алқа мәжілісінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: