Сейсенбі, 23 шiлде, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық алты боксшы Венгрияда өткен турнирде чемпион атанды

12.02.2023

902 0

Бокстан Дебреценде(Венгрия) өткен халықаралық турнирде қазақстандық 6 спортшы финалға шығып, алтауы да алтын жүлдегер атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Иштван Бочкаиды еске алу турнирінің финалына шыққан қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің барлығы шешуші жекпе-жекте жеңіске жетті. 

Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Саматәлі Төлтаев (60 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Аятулла Тәкіжанов (75 келіге дейін) және Айбек Оралбай ((92 келіге дейін) байрақты бәсекеде тұғырдың ең биігінен көрінді.

Бұдан бөлек, қазақстандық боксшылардың қоржынында тағы үш қола медаль бар. Олар Дамир Әбдіқадырға (51 келіге дейін), Дәулет Молдашевқа (54 келіге дейін) және Ермахан Жақпековке (71 келіге дейін) тиесілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: