Сейсенбі, 23 шiлде, 14:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Жергілікті бюджетке түскен салық мөлшері 128,2 пайызға орындалды

19.04.2023

760 0

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз-конференциясында Қызылорда қаласы бойынша Қызылорда Мемлекеттік Кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жергілікті бюджеттің орындалуы туралы баяндама жасады.

2023 жылдың 1 сәуіріне республикалық бюджет салықтық түсімдерінің жоспары 17 млрд. 741,7 млн. теңге болса, нақты түсім 17 млрд. 744,6 млн теңгеге, яғни 2,8 млн. теңгеге артық орындалды. Ал, жергілікті бюджеттің жоспары 1 сәуірге 4,8 млрд. теңге болатын болса, нақты түсім 6,2 млрд. теңгені құрап, жоспар 128,2 пайызға орындалды және 1,4 млрд. теңге артығымен түсті, – деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Айта кету керек, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына сәйкес, наурыз айында жеке тұлғалардан өзін банкрот деп тану жөнінде 1 456 өтініш түсіп, оның ішінде 225 өтініш қанағаттандырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: