Дүйсенбі, 08 шiлде, 15:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Жас энергетиктер жүлдемен оралды

24.10.2023

313 0

          «Электр энергетиканы тарату тораптары» компаниясында АҚ Республика күніне орай мерекелік шара өтті. Ұжым қызметкерлерін құттықтаған  басқарма төрағасы Батыржан Көмекбайұлы мен мекеменің кәсіподақ комитетінің төрағасы Асылбек Қанаев үздік мамандарды марапаттады.

          – 18-20 қазан күндері Әзірбайжан еліндегі Шуша қаласында ұлт көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған байқау өтті. Яғни түркітілдес елдер арасында «Тарату желілерінің цифрлық трансформациясы» атты халықаралық HADRUT-2023 кәсіби шеберлігінен жас энергетиктер бақ сынады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Татарстан және Әзірбайжан, Түркия елдері қатысты, – деді  Батыржан Көмекбайұлы.

          Халықаралық байқауға қатысқан «электр  энергетика тарату тораптары» компаниясының жас энергетик маманы Ғафуржан Ізтілеуов байқаудан алған әсерін жеткізді.

          – Байқау екі кезеңнен тұрды.  Интелектуалдық жарыс кезеңінде жас мамандардың ториялық біліктілігі сынға түсті. Ал екінші кезеңде  техникалық сынақ болды.  Мұнда өрт қауіпсіздігінің алдын алу мен алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Сонымен қатар қосалқы станцияларда жұмыс істеу шеберлігінен бақ сынадық. Жарыстағы әр кезеңде  «электр тарату тораптары» компаниясының атынан Қазақстан командасы болып жоғары деңгейде біліктілік көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алдық, – деді жас маман.

          Жарыстың басты мақсаты – мемлекет арасындағы мамандардың бір-бірімен тәжірибе алмасу арқылы өздерінің кәсіби біліктілік деңгейін көрсету. Мұндай байқау алдағы уақытта Өзбекстан мен Татарстан мемелекетінде  өтпек.

          Айта кетейік, халықаралық байқауда бақ сынап, жүлдемен оралған жас энергетик мамандар облыс әкімінің арнайы алғыс хатымен  марапатталды.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: