Сейсенбі, 23 шiлде, 03:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі тапты

13.05.2024

254 0

Қызылорда полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, сондай-ақ Қармақшы АПБ, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның “Бүркіт” АЖ бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі мен құжатсыз қару анықталды. Кинология қызмет орталығының қызметтік-іздестіру итінің көмегімен полиция қызметкерлері Қармақшы ауданының тұрғынының сарайынан 1 қапқа және 3 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат тапты. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген шөп тәріздес зат салмағы 10 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, өңірде “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: