Жұма, 05 шiлде, 07:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Тырысқақ ауруы туралы білесіз бе?

14.05.2024

356 0

Тырысқақ – адамнан адамға жұғатын жіті ішек жұқпалы ауруы. Ол басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, өлім-жітім жағдайларының жоғары деңгейімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді. 
Адамнан адамға тырысқақтың берілуі сыртқы орта арқылы жүзеге асырылады, негізінен су арқылы беріледі. Таралу механизмі бойынша тырысқақ ішек ауруы болып табылады.
Тырысқақтың жасырын кезеңі науқас жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 1-ден 5 күнге дейін, көбінесе 2-3 күнге созылады.
Тырысқаққа күдік тудыруға негіз болатын келесі белгілер: қызба (температура – 37оС  және одан жоғары), жүрек айну, іш өту, құсу, бас ауруы.
Тырысқақтың алдын алу шаралары мынадай:

  • жеке гигиена шараларын сақтаңыз: тамақ ішер, тамақ дайындар алдында, әжетханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;
  • қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;
  • ұйымдастырылған демалысқа рұқсат етілген су айдындарында ғана шомылыңыз;
  • теңіздің, мұхиттың және басқа да су объектілерінің шикі және жеткіліксіз пісірілген өнімдерін пайдаланбаңыз;
  • азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністі рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз;
  • жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуыңыз.
    Тырысқақ ауруының белгілері (жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, бас ауруы, бас айналу) пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Медициналық көмекке ерте жүгіну тырысқақты тиімді емдеуді дер кезінде жүргізуге және қолайсыз нәтиженің алдын алуға мүмкіндік береді.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: