Сенбі, 06 шiлде, 00:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Балалар демалысы қауіпсіз өтуі тиіс

21.05.2024

178 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен Сырдария ауданында  «Балаларды сауықтыру ұйымдарында балалардың қауіпсіз демалысын, тамақтануын, медициналық көмек пен сауықтыру шараларын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Басты мақсат – балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, балалар арасында аса қауіпті инфекциялық ауруларды болдырмау және лагерь қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Аталған іс-шараға  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі, денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы мен аудандық бөлімшелері, облыстағы лагерьлердің аспазшылары, медициналық персоналы қатысты.

 Алдымен семинарға қатысушылар аудандағы «Жалын» лагерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Балаларға сапалы қызмет көрсетуге қажетті  бөлмелердің жабдықталу жағдайын зерделеп, қатысушылар тәжірибе алмасты. Бұдан кейін  семинар №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің мәжіліс  залында жалғасты.

Семинар барысында аймақтағы лагерлердің алдағы жаз маусымына дайындығы, топтасқан тағамнан уланудың эпидемиологиялық ахуалы, балаларды сауықтыру ұйымдарына қойылатын талаптар, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі, сауықтыру ұйымдарына қабылдау алды медициналық тексерулі және демалушы балаларға медициналық-санитариялық көмек пен сауықтыру шараларын ұйымдастыру мәселелері айтылды.

Облыстағы сауықтыру орындарының жұмысы 01 маусымнан басталып, балаларды 7 ауысым бойынша қабылдайтын болады. Маусым алдындағы мұндай шаралар балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуде өз үлесін тигізері анық.

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: