Дүйсенбі, 22 шiлде, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Нигерияда содырлар ауылға шабуылдап, 160 тұрғынды тұтқынға алған

27.05.2024

282 0

Сурет:BBC

Нигерияның орталығы Нигер штатындағы ауылға содырлар шабуылдап, салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 160 адам тұтқынға алынған. Бұл туралы  ВВС хабарлайды. 

Қарулы содырлар жұма күні кешке Кучи ауылына кірді. Олар «Боко Харам» исламшыл тобының адамдары болуы мүмкін.

Ұрланғандар арасында негізінен әйелдер мен балалар, ал қаза тапқандар арасында ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жергілікті тұрғындар бар.

Содырлар ауылға мотоциклмен кіріп, онда екі сағаттан астам уақыт болып, үйлерді тонап, жергілікті тұрғындарды алып кеткен.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы жаппай ұрлауға қатты алаңдайтынын мәлімдеді.

«Содырлардың ауылға басып кіруі – Нигерия билігінің адамдардың өмірін толықтай қорғай алмағанының тағы бір дәлелі. 2021 жылдан бері содырлар Кучи ауылына үнемі шабуыл жасап, әйелдер мен қыздарды зорлап келеді», – делінген хабарламада. 

Ұйымның мәліметінше, содырлар тұрғындардан көп мөлшерде ақша талап еткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: