Сенбі, 06 шiлде, 09:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар Құрбан айтта демалмайтын болды

08.06.2024

435 0

Сурет:Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Дүйсенбі, 17 маусым жұмыс күні болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұған дейін 17 маусымда қазақстандықтар қосымша бір күн демалатыны хабарланған болатын. Өйткені Құрбан айттың бірінші күні осы күнге сәйкес келетіні айтылды. Алайда бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мереке бір күн бұрын, яғни 16 маусымда басталатынын хабарлады.

«2024 жылға арналған мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесі жасалғанда, ҚМДБ ресми түрде Құрбан айт 17 маусымға сәйкес келетінін хабарлады. Бұл күн жұмыс күні болғандықтан, демалыс болады деп жоспарланған. Қазір ҚМДБ Құрбан айт 16 маусымға сай келеді деп жариялады. Демалыс күндеріне сай келетін діни мерекелер жылжытылмайды. Сондықтан демалыс күні ауыспайды, өйткені бұл – демалыс күні», – деді Tengrinews.kz тілшісіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: