Сенбі, 06 шiлде, 09:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі «Бесарық» ауылының даму барысымен танысты

08.06.2024

137 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барып, «Бесарық» ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Еске салсақ, өткен жылдың қорытындысымен бұл ауыл «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпазы атанған еді.

Қазір бірқатар игі жобалар жүзеге асуда. Спорт кешенінің құрылысы 2022 жылы басталды. Жобаның жалпы құны – 389,2 млн. теңге.
Ауыл халқының спортпен тұрақты шұғылдануына оңтайлы мүмкіндік жасайтын нысан құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС салуда. Бүгінде ішкі жұмыстары жүргізіліп, спорттық құрылғылар орнатылуда. Нысан биыл пайдалануға берілмек.

Аймақ басшысы аудан әкімі Берік Сәрменбаевқа бірқатар тапсырма берді. Ауылда салынатын әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасын мұқият қадағалауды және тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын күнделікті бақылауды міндеттеді.
Айта кетейік, жыл басында Сырдария ауданының бюджеті 10,3 млрд. теңге болып бекітілсе, 4 айдың қорытындысымен 11,6 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің 65 пайызы әлеуметтік және инфрақұрылым салаларын дамытуға бағытталды. Жыл басынан қаңтар-сәуір айларында ауданның өнеркәсіп орындары 30,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 160 пайызды құраған. Негізгі капиталға 20 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,7 пайыз болды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: