Сенбі, 06 шiлде, 14:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Елтаңба өзгертілмейді

06.07.2024

79 0

Мәдениет және ақпарат министрлігі елтаңбаны өзгерту мәселесі жақын арада қарастырылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрліктің мәліметінше, мәселе күн тәртібінен шығарылды. 15 наурызда Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кеңес дәуірінің белгілеріне» байланысты Қазақстанның елтаңбасын өзгертуді ұсынған еді. 

Ол қоғамдық талқылаулар өткізу үшін арнайы комиссия құруды, содан кейін Қазақстанның жаңа мемлекеттік елтаңбасының ең үздік эскизіне ашық конкурс жариялауды ұсынған. 

Сәуір айының басында қаржы министрі Мәди Такиев су тасқынына байланысты елтаңбаны өзгерту туралы шешімді кейінге қалдыру керек деген пікір білдірген. Қаржы министрлігі құзырлы органның сауалына берген жауабында биыл Мәдениет министрлігі жаңа елтаңбаны шығаруға қосымша шығын жарияламағанын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: