Сенбі, 06 шiлде, 14:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Пойыз билетінің тапшылығы: Жеке кассалар жабылады

06.07.2024

124 0

ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату деректерін анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан темір жолына» жолаушылардан бірнеше рет шағым түскен. Олар билеттерді заңсыз қайта сату деректері туралы айтқан.

«Алматы-1 теміржол вокзалындағы билеттерді алыпсатарлармен күрес аясында, ҚТЖ қызметкерлері жұртшылық пен БАҚ-ты тарта отырып, тергеу жүргізді. Ол билеттерді заңсыз қайта сату және теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау деректерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан», – деді баспасөз қызметі.

Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

«Вокзал бастығы А. Б. (ҚТЖ-дан – еск.) тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне лауазымынан шеттетілді, оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексерулер еліміздің барлық вокзалдарында жүргізіледі», – деп толықтырды баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: