Жұма, 26 шiлде, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға қатыспайтын болды

26.07.2024

110 0

Сурет: prosports.kz

Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға қатыспайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олимпиада ойындарында Рыбакина жеке және жұптық сайыстарда өнер көрсетуі керек еді. Спортшының олимпиададан бас тартуына сырқаты себеп болған. 

«Қазір Елена өткір бронхитпен ауырып жүр, дәрігерлер оған кортқа шығуға ғана емес, жарыстарға ұшып барып-келуге үзілді-кесілді тыйым салды», – делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.

Олимпиададағы теннис жарыстары 27 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді. Жекелей сында Рыбакинаның орнына австралиялық Дарья Савилл шығады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: