Жұма, 26 шiлде, 19:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Tesla адам тәрізді роботтар шығаруды жоспарлап отыр

26.07.2024

115 0

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Tesla келесі жылы компания ішінде адам тәрізді роботтар қолдануды жоспарлап отыр. Ал басқа компаниялар үшін жаппай өндіріс 2026 жылы басталады. Бұл туралы Iot World Today басылымы мәлімдеді.

– Tesla келесі жылы ішкі пайдалану үшін пайдалы әрі аз көлемді гуманоидты роботтар шығарады және 2026 жылы басқа компаниялар үшін үлкен көлемде шығарамыз деп үміттенеміз, – делінген Илон Масктың Х платформасында жасаған мәлімдемесінде. Бұл жаңалық интернетте үлкен дүрбелең тудырды. Маск бұған дейін қаржы мәселелері жөніндегі конференция барасында инвесторларға Optimus деп аталатын робот 2024 жылдың соңына дейін дайын болуы мүмкін екенін айтқан болатын. – Біз қарапайым зауыт жұмыстарын зертханада орындай аламыз. Біздің ойымызша, Optimus осы жылдың соңына дейін пайдалы тапсырмаларды орындай отырып, зауыттың өзінде шектеулі өндіріске ие болады, – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: