Сенбі, 27 шiлде, 00:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті

26.07.2024

68 0

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев және кеңес мүшелері қатысты.
Кеңес отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі құрамына өзгерістер енгізу және құзырлы органдармен «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бағытында атқарылған жұмыстары туралы қаралды.
Жиынның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, жаңа мүшелері таныстырылды.
Мұнан соң екінші мәселе аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі облыс бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының м.а Олжас Мырзағалиев, облықтық экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп – тексеру басқармасының басшысы Ерлан Қасқырбайұлы хабарлама жасады.
Сондай-ақ кеңес отырысына арнайы шақырылған білім, денсаулық сақтау, құрылыс және спорт басқармаларының өкілдеріне сауалдар жолданып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайы тыңдалды.
Отырыс барысында қаралып, талқыланған мәселелер бойынша кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар арнайы хаттамаға енгізілді.

Amanat

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: