Бейсенбі, 01 тамыз, 21:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60-2070
30.07.2024
PDF мұрағаты

Шымкентте адам өлтірген қылмыскерлер Мәскеуде ұсталды

01.08.2024

27 0

Сурет: el.kz

Адам өлтіру қылмысы үшін іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент полициясы ресейлік әріптестерімен бірлесіп, адам өлтіргені үшін айыпталған екі күдіктінің жүрген жерін анықтады.

Департаменттің мәліметінше, екеуі де Мәскеу облысында ұсталды.

Олар өткен жылдың қыс айында таңғы 5.00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, үш ер адамды битамен және темірмен ұрып, соққан. Бір адам алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде қаза болған, – деді полицейлер.

Қазіргі кезде ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: