Жұма, 02 тамыз, 19:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60-2070
30.07.2024
PDF мұрағаты

Роза Әлқожа белгісіз вируспен күресіп жатқанын айтты

02.08.2024

19 0

Сурет: https://www.instagram.com/roza_alqozha/

Танымал әнші Роза Әлқожа балаларының белгісіз вирус жұқтырып, ауырып қалғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі аурудың белгілерін де атап өтті. Халықты сақтандырып, салауатты өмір салтына үндеді. 

“Өскеменнен келгелі балалар ауырып, түнімен ұйқы жоқ. Байқағаным, мутацияға ұшыраған түрленген ковид жүр екен барлық жерде. Өйткені қай қалада болса да, диагноз бір. Тамақ іседі, қызуы көтеріледі, іші түйнеп ауырады, құсу, іш өту белгілері бар. Сонда деймін де, адамнан (адам деуге келсе?!) жауыз тіршілік иесі жоқ екен ғой ғаламда?! Рахмет саған, иммунитет! Қандай ауру болса да жеңіп келеміз, шүкір! Алланың дегенін күтпей, қолдан дімкәс қоғам жасап, құр ділмарсыған ұрпаққа айналдық, ә?!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары да түрлі пікір білдіріп, вирустан қалай емделіп жатқанын айтты. 

“Бізде қорап-қорап дәрі ішіп жатырмыз”, “Салқын ішпей-ақ тамақтан ұстап жатыр”, “Дәрі де қымбаттап кетті”, “Дәрінің пайдасы аз-ау”, “Препарат ішкенімен оның зияны да бар”, – деп жазды оқырман қауым. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: