Сенбі, 10 тамыз, 18:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63-2073
09.08.2024
PDF мұрағаты

60-тан астам жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

10.08.2024

29 0

Сурет:видео кадр

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында Бразилияның Сан-Паулу штатында ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sky News агенттігі әзірге жолаушылар ұшағының бортында қанша адамның болғаны нақтыланып жатқанын айтты.

Жергілікті өрт сөндірушілер Каскавел қаласынан Гуарульюсқа ұшқан ATR-72 жолаушылар ұшағы Виньедо қаласында апатқа ұшырағанын растады.

Әлеуметтік желілерде тараған видеожазбаларда үлкен аумақты өрт шалғаны, сондай-ақ ұшақтан шыққан түтіннің жан-жаққа таралғаны анық көрінуде.

Кейінірек Globo телеарнасы ұшақтың бортында 58 жолаушылар мен 4 экипаж мүшесі болғанын мәлімдеді.

Алайда әзірге Infraero әуежайының басшылығы ақпаратты растаған жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: