Дүйсенбі, 12 тамыз, 16:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63-2073
09.08.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда кез келген қызметкер еңбек демалысынан бөлек тағы да 3 күндік демалыс алуына болады

12.08.2024

17 0

Елімізде кез келген қызметкер еңбек демалысынан бөлек тағы да 3 күндік әлеуметтік демалыс алуына болады. Заң шеңберінде қарастырылған мерзімде азаматтар скринингтік зерттеулерден өтуі тиіс. Ал берілген демалыс уақытында жұмыс беруші жұмысшының орташа жалақысы мен лауазымын сақтауға міндетті. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды. 

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, түрлі қатерлі дерттердің алдын алу үшін елімізде үш күндік әлеуметтік демалыс кез келген қызметкерге беріледі. Сол уақытта азаматтар скринингтік зерттеулерден өтсе, әйелдер жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық есепке тұру үшін демалыс ала алады.

Денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес, ел азаматтары мұндай медициналық тексерістен өтуге міндетті. Себебі ауруды ерте анықтап, қауіпті факторларды болдырмауға бағытталған. Негізінен скринингтің бірнеше түрі бар. Мәселен, қан айналымы жүйесінің негізгі аурулары, қант диабеті, глаукома, сонымен бірге адамдарда созылмалы В және С гепатиті бойынша да скрининг бар.

Ал белгілі бір жасқа толған қазақстандықтар үшін онкоскринингтің үш түрі қарастырылған.

“Қатерлі ісікке шалдыққан скринингті 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер екі жылда 1 рет өтеді. Жатыр мойын қатерлі ісігінің скринингі 30-70 жасқа дейінгі әйелдер 4 жылда 1 рет өтеді. Колоректальды қатерлі ісікке скринингі ол 50 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер мен еркектер 4 жылда 1 рет өтеді”, – дейді HR-менеджер Балауса Карсембаева. 

Үш күндік демалысқа шыққан жұмысшылардың орташа жалақысы мен лауазымын жұмыс беруші толықтай сақтауға міндетті.

Бұдан бөлек азаматтар мұны кез-келген уақытта ала алмайды. Мерзімі келген мезетте арнайы анықтаманы басшылыққа ұсынып тұрғылықты жеріндегі емханадан өтуі тиіс. Ал медициналық зерттеуден өтуге қызметкерін жібермеген жағдайда әрбір адам еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жүгінуіне құқылы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: