Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ақша

12.02.2022

754 0

Кім білед(і) бап шаба ма, бақ шаба ма?

Бүкіл ойды қоя тұр жақшаға ала.

Бас қатырып не істейсің, көп ойланып,

Бұл өмірде бастысы ақша ғана.

Ақшаң болса қалмайсың қатарыңнан,

Адам түгіл, ат үркір атағыңнан.

Абыройың асқақтап ақырында,

Несібең артық болар баталы ұлдан.

(Жақыныңда жағынар көзге ілмейтін.

Сыйламақ түгіл саған сөз бермейтін.

Дегенмен алтын көрсе жолдан тайып,

Ақшаң болса, пенде жоқ өзгермейтін.)

(Бермейтін әшейін де бақырында

Пейілін аңдап көрсең ақырын, жай)

Туысың екі етпейді айтқаныңды,

Жатың да араласар жақыныңдай.

Қызың да қылар қазір қалтаңды дау,

Аузың қисық болса да, салқам бір-ау.

Махаббат, сезім деген маңызды емес,

Жүзік анау, деп берсең, алқаң мынау.

Жағыну болса адамның арманы дөп,

Ешкім сөкпес қолымды алмады деп.

Именіп, иілмейді елге басың,

Ақшамен сөзіңнің де салмағы көп.

Көріп мұны сенімнен сетінедім.

Жазыла алсаң, көрерсің етіп емін.

Өйткені өзгертеді адамды ақша,

Көтерілсе көк тіреп көкірегің.

Құшағында тербетер сайын дала.

Оңыңнан тусын деймін айың дара.

Айтарымды осымен айтып біттім,

Бұл өмір ғой, байырсың, уайымдама!

А.БАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: