Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 09:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ақын Дүйсенбек Аяшұлының шығармашылық кеші өтті

30.06.2022

1129 0

Сыр елінің төрінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, ақын Дүйсенбек Аяшұлының 60 жасқа толу мерейтойына арналған «Өлең-жырдың жүйрігі» атты шығармашылық кеш өтті.

Қаламгерді облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы құттықтап, облыс әкімінің Құттықтау хатын табыстады. Ізгі тілегін арнап, мерейгердің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, жазушы, драматург, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмаш, жыршы, этномузыкатанушы, фольклорист, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Берік Жүсіпов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жарасқан Әбдірашев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Толыбай Абылаевтар арнайы құттықтады.

Кеш барысында «Жұлдызым жоғары» кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп, ақынның сөзіне жазылған «Жүрек сөзі», «Ғашығым», «Ана құдіреті», «Байқоңыр», «Шиелі», «Нұр-Астана» әндері шырқалды. Дүйсенбек Аяшұлының «Дарияның өткелінде» өлеңіне қойылған бейнеқойылымда туған жер, өскен өлке алдындағы перзенттік қарыз бен парызды түйістірген Ботабайдағы балалық шағы көрсетілді. Ақының ардақтаған әлеумет мерейтой иесінің өлеңдерін көрермендер залына қойылған микрофондарға келіп, жатқа оқып, ақынның ізін жалғаған жас ақындар Ұлықбек Тәңірберген мен Айдар Сайлауов өз арнауларын оқыды. Сондай-ақ, қалалық жастар театры “Бір өлең жазғым келеді” атты контрастивтік қойылым қойып, көрерменнің айрықша ықыласына бөленді.

Дүйсенбек Аяшұлының отты жырлары мен парасатты поэзиясы қазақ әдебиетінің құнды мұрасына өлшеусіз үлес қосып келеді.

Ақын Дүйсенбек Аяшұлының шығармашылық кеші өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: