Жұма, 22 қараша, 16:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Детективті шығармалар байқауы басталды

01.07.2022

817 0

Жазушы Кемел Тоқаев атындағы республикалық детективті шығармалар байқауы биыл Қызылорда облысында өткізіледі деп жоспарлануда. Оған жас қаламгерлер мен оқушылар қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Заң Медиа» корпорациясының Қызылорда облысындағы арнаулы өкілі Әмірбек Шаймағамбетов хабарлады.
– Конкурс еліміз бойынша биылғы жылы бесінші мәрте өткізілмек. Бұған дейін Алматы қаласында екі рет, Алматы облысында және өткен жылы Түркістан облысында аталып өтілді. Жақында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы «Заң Медиа» корпорациясының басшысы Досымбек Өтеғалиевті қабылдаған еді. Кездесуде республикалық байқауды Сыр елінде өткізу туралы ұсыныс айтылып, аймақ басшысы қолдау білдірді. Айта кетейін, Кемел Тоқаев атындағы республикалық детективті шығармалар байқауына қатысуға шектеу қойылмаған. Сонымен қатар конкурс талабына сәйкес әрбір шығарма толықтай талданып, күзде жеңімпаздар анықталады, – деді Әмірбек Шаймағамбетов.
Брифинг барысында жазушы Кемел Тоқаев атындағы республикалық детективті шығармалар байқауының 2021 жылғы бас жүлдегері, республикалық «Таңшолпан» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы Нұрлыбек Сафин детективті жанрдың ерекшелігін айтып, көпшілікті байқауға қатысуға шақырды.
– Өткен жылы жазушы Кемел Тоқаев атындағы ІІ республикалық детективті шығармалар бәйгесінде Әмірбек Шаймағамбетовтің идеясымен детективті, деректі көркем әңгіме жаздық. Әңгімеге Қызылорда облысында 1990 жылдан бері болған оқиғаларды арқау етіп, ауыр қылмыстардың ашылуын зерттедік. Біздің елімізде детективті жанр айтарлықтай дамымаған. Сол үшін жас қаламгерлерді, оның ішінде детектив жанрына қызығушылығы бар азаматтарды байқауға қатысуға шақырамын, – деді Нұрлыбек Сафин.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: