Топ-баннер2

Сәрсенбі, 11 наурыз, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

10 000 британдық жазушы мәтінсіз кітап шығарды

11.03.2026

49 0

Фото: The Guardian

Ұлыбританияда 10 000-нан астам жазушы жасанды интеллект компанияларының өз шығармаларын рұқсатсыз пайдалануына наразылық ретінде мәтінсіз кітап шығарды, деп хабарлайды Forbes.ru порталы The Guardian басылымына сілтеме жасап, – деп хабарлайды KAZINFORM 

Кітап «Don’t steal this book» («Бұл кітапты ұрлама») деп аталады. Оның мазмұны тек авторлардың тізімі ғана. Кітаптың шығарылуына үлес қосқандардың арасында ағылшын тележүргізушісі және жазушысы Ричард Осман, «Болейн әулетінен тағы біреу» романының авторы Филипп Грегори, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаты, британдық жазушы Кадзуо Исигуро бар.

Кітаптың көшірмелері 10 наурызда ашылатын Лондон кітап жәрмеңкесіне келушілерге таратылады. Жобаның ұйымдастырушысы, композитор және авторлық құқық белсендісі Эд Ньютон-Рекстің айтуынша, жасанды интеллект индустриясы «рұқсатсыз және төлемсіз ұрланған шығармаларға негізделген».

– Бұл құрбансыз қылмыс емес – генеративті жасанды интеллект адамдардың жұмысынан үйреніп, олармен бәсекелесіп, олардың күнкөрісін тартып алады. Үкімет Ұлыбританияның жазушыларын қорғап, жасанды интеллект компанияларының шығармашылық жұмыстарын ұрлауын заңдастыруды тоқтатуы керек, – деді ол.

Бір жыл бұрын, 2025 жылдың ақпан айында мыңнан астам музыкант, соның ішінде Blur тобының әншілері Дэймон Албарн, Энни Леннокс және Кейт Буш Ұлыбритания үкіметінің жасанды интеллект әзірлеушілеріне авторлық құқықпен қорғалған туындыларды пайдалануға рұқсат беру жоспарына наразылық ретінде үнсіз бірлескен альбом шығарған еді. Альбом «Біз қалаған нәрсе осы ма?» деп аталады, онда барлығы 47 минутқа созылатын 12 трек бар. Олар концерт залдары мен студиялардағы толық тыныштықтың немесе қандай да бір шудың жазбалары.

Ұлыбритания үкіметі жасанды интеллект компанияларына интернетте қолжетімді музыканы қоса алғанда, авторлық құқықсыз өнер туындыларын пайдалануға мүмкіндік беретін заңға түзетулер енгізуді ұзақ уақыт бойы қарастырып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: