Әпкелі-сіңлі жуылмаған ыдыс үшін жанжалдасып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Оқиға Ресейдің Подольск қаласында орын алған деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ресейге жұмыс істеуге келген мигрант отбасындағы қыздар жуылмаған ыдыс үшін жанжалдасқан.
10 жастағы Наргиза мен 13 жастағы Анора (аты-жөні өзгертілді) үйде жалғыз қалған. Олардың ата-анасы жұмыста болған.
Қыздар үй жинау барысында ұрысқан. Үлкені тәрелкелерді, ас құралдары мен шыныларды жуу кішінің міндеті екенін айтып, моральдық қысым көрсеткен. Кіші қыз оған шыдай алмай, асхана пышағын алып, әпкесіне шабуыл жасады.
Содан соң қыз жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер қызды аман алып қалуға тырысты, бірақ ол көп қан жоғалтып, мерт болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!