Жексенбі, 16 қараша, 20:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

13 жастан қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

16.11.2025

47 0

Фото: Eimo Riig/ Sakala

Швеция жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық қылмыстарының көбеюіне байланысты қылмыстық жауапкершілік жасын 15-тен 13-ке дейін төмендетуді көздеп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон адам өлтіру, өрт қою сияқты ауыр қылмыстар бойынша жауапкершілік жасын 13-ке дейін түсіру бастамасын қолдап отыр. Үкімет қазан айында тиісті заң жобасын ұсынған болатын.

Басылымның жазуынша, Стокгольм билігі бұл шешімді қылмыстық топтармен байланысты өлімге әкелетін қылмыстардың көбейгеніне жауап ретінде қабылдап отыр. 15 жасқа толмағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтындықтан, тергеу органдары қылмыстық желілердің атыс-шабыс пен қару тасымалдауға балаларды жиі тартып жатқанын анықтаған.

Осыған дейін швед үкіметі 15–17 жас аралығындағы жасөспірімдерді қамауға арналған арнайы орындар ашуды жоспарлаған еді. Енді жаңа, қатаң заң жобасында бұл жоспар кеңейтіліп, 13–14 жастағы балаларға арналған қамау орталықтарын құру ұсынылып отыр.

Швецияның әділет министрлігінің дерегінше, мұндай мекемелер кәмелетке толмаған қылмыскерлерді келер жылдың жазынан бастап қабылдай бастайды. Билік бұл шаралар қылмыстық топтар пайдаланып келген «олқылықты» жабуға көмектеседі деп үміттенеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: