Жұма, 25 сәуiр, 23:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

15 жастағы оқушы мектепте шабуыл жасады: бір жасөспірім қайтыс болды

25.04.2025

173 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

24 сәуір күні Францияның батысындағы Нант қаласындағы мектепте 15 жасар оқушы пышақпен шабуыл жасап, бір оқушы қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Бұл туралы BFM TV мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға түстен кейін болған. Оқушы екі сыныптасына шабуыл жасаған. Мұғалімдер полиция келгенге дейін оны залалсыздандырған. Қайтыс болған оқушы жарақат алған жерде көз жұмды. Зардап шеккендердің бірі ауыр халде жатыр.

Шабуыл жасамас бұрын оқушы барлық мектеп оқушыларына электрондық поштамен 20 беттік құжат жіберген. Онда ол қоғам туралы күңгірт көзқарастарын баяндаған.

Оқиға орнына 20-ға жуық жедел жәрдем көлігі жіберілді. Францияның ішкі істер министрі Бруно Ретайо мен білім министрі Элизабет Борн Нантқа бармақ.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: